БАЛАБАҚШАҒА ТІРКЕЛУ

«Құралай апа-1» бөбекжай балабақшасына баланы алып келу үшін ата аналар алдымен  «Smartnation» немесе «EGOV» порталына  тіркеліп кезекке тұрады және орын босағанда жолдама алады. Жолдама алған соң баланың медициналық «Денсаулық паспортын» басқа негізгі  құжаттармен балабақшаға алып келеді. Құжаттары дұрыс болса бала балабақшаға қабылданады.